15 тамыз 2016 15:27

Қазақстандықтар өзінің жеті атасын біліп, дәстүрді құрметтеуге арналған қосымша ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Zheti Аta © Zheti Аta

Қазақстандық Асан Төлеуов отбасы туралы барлық тарихи мәліметтерді бір жерге жинап, онлайн режимінде туыстарды тауып және хабарласуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Асан Төлеуов отбасы туралы барлық тарихи мәліметтерді бір жерге жинап, онлайн режимінде туыстарды тауып және хабарласуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ежелден бері қазақтарда ата-бабаны құрметтеу сақталған. Жеті атаны білу жариясыз ереже болып қалыптасқан. Бұл бірнеше жүз жылдар бойы әкеден балаға берілетін дүние. Ендігі кезекте осының барлығын жаңа технологиялар заманына неге көшірмеске? Осылайша осы қосымшаны құрастыру идеясы келді. Сондықтан, егер сіз үшін өз тарихыңызды білу маңызды болса Zheti Аta қосымшасы нағыз көмекші болады", - дейді сұхбаттасушы.

Оның айтуынша, ол бастапқыда бұл қосымшаның қолданушылары 35 жастан ересек адамдар болады деп ойлаған, себебі адамның жас ұлғая келе отбасылық құндылықтарға жіті назар аудара бастайды. "Қазіргі уақытта, адамдардың бізге хабарласып, жазып, пікір қалдырып жатқанына байланысты қосымшаның қолданушылары 35 жастан төмен екенін көрдік. Бұл жағдай бізді қуантады, себебі жастардың атсалысуының арқасында біз қосымшалар ойлап тауып, жаңа жүйелер енгізетін боламыз. Сондықтан біз көбірек қолданушыны қамтуға тырысамыз", - деп түсіндірді құрастырушы.

Айта кетеік, AppStore бағдарламасында Zheti ata қосымшасы екі күннің ішінде екі жүз рет жүктелген. "Үш күннің ішінде Қазақстанда Social Networking санаты бойынша біздің қосымшамыз үздік отыздыққа кірді. Қазірде қосымша 300 рет жүктелген", - дейді ол.

"Біз қосымшаның ішіне жарнама салып, бүлдіргіміз келмейді. Бұл тек қолданушыларға ыңғайсыздық туғызып қана қоймай, біздің бұл қосымшаны қандай мақсатта ашқанымызға қатысты түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Қосымшаны ақылы қылуды да жоспарламаймыз, себебі о бастан біз қолданушылардың еркін қолдануына мүмкіндік жасауды ойлағанбыз. Ақылы қосымшалар жасаған тиімді әрине, алайда ол туралы әлі ерте", - дейді Төлеуов.

Сұхбаттасушының айтуынша, оның командасы қолданушылардан жағымды пікірлер қабылдауда. "Адамдар біздің қосымшаның қаншалықты маңызды екенін біледі, сондықтан жағымды, қолдаушы пікірлер көптеп жазылуда. Біреулер қосымшадағы қателіктер туралы айтып, ұрысады, қалағанындай жұмыс істемейді дейді, ол бірақ біз үшін маңызды, себебі адамдар оны жүктеп қана қоймай, қолданады", - деп таныстырды құрастырушы.

Осыған дейін, қазақстандық Бейбіт Әмірғалиев смартфондарға арналған ерекше қосымша ойлап тапқан болатын. Оның көмегімен көлікті жүргізу тәсілін байқап оны жетілдіруге болады және жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың алдын алуға көмек береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети