25 желтоқсан 2019 09:51

Қазнетте талқыланып жатқан суреттің авторы фотоның тарихын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Вадим Винокуров Фото Вадим Винокуров

Алматылық Вадим Винокуров Tengrinews.kz тілшісіне Қазнетте таралып, қызу талқыға түскен суреттің тарихын айтып берді. 


Алматылық Вадим Винокуров Tengrinews.kz тілшісіне Қазнетте таралып, қызу талқыға түскен суреттің тарихын айтып берді. 

"Ол өз орнында жай ғана үмітсіз көзімен қарап тұрды" - "Қала өмірінің бір секунды" көрсетілген фотосуреттің сипаттамасында осындай жазба бар. Бұл - сурет авторының пікірі. Фотосуретте жұмысшылардың жол жиегін қардан тазалап жатқаны көрсетілген. Сол сәтте джип жүргізушісі жолға шығуға тырысып, үйілген қардың үстімен өткен. 

"Алматы орталығында, шамамен, Жамбыл мен Қабанбай батыр көшелерінде досыммен кетіп бара жатқанбыз. Сол сәтте сол әйел мен басқа жұмысшылар үйіп қойған қардың үстінен джип өтті. Бұдан қызық кадр шығатынын түсініп, терезеден смартфоннан суретке түсіріп алдым", - дейді фото авторы. 

Фотосурет 23 желтоқсанда жасалған. Оны өңдегеннен кейін Вадим Винокуров Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Бірақ сурет Қазнетте таралып, қолданушылар оны қызу талқылайтынын күтпеген. Көбіне көлік қожайынының әрекеті ұнамаған. 

"Адамдар, мейірімдірек әрі қайырымдырақ болайық. Өздеріңді ғана ойламаңдар!", "Бәрі бумеранг болып оралады. Бүгін ол қымбат көлікте отыр, ертең әйелдің орнында болуы мүмкін", "Иә, өкінішке қарай, мұндай "жаман" адамдар көп, оған қарды өзіне тазалату керек еді. Басқаның еңбегін бағалап үйренсін", - деп жазып жатыр суреттің астындағы пікірлерде. 

"Ол өзінің телефонына, ал әйел оған қарап тұрды", - деп автор жазбасын аяқтаған. Фотограф жүргізушінің түрі мен көлік нөмірін әдейі түсірмеген. "Фотода нөмір болса, қоғам жағдайы көрсетілмей, екі адамның ғана жанжалына айналар еді. Біз жағдайды толық білмейміз. Көліктің артқы орындығында өте сырқат адам отырып, соны ауруханаға алып бара жатқан шығар немесе суретке түсіргеннен кейін жүргізуші шығып, кешірім сұрап, әйелге көмектескен шығар", - дейді Вадим Винокуров. 

Еске салайық, күзде Қазнет қолданушылары адам толы автобуста қысылып, беті терезеге жабысып қалған баланың фотосуретін талқылаған еді. Сол кезде көбі түркістандық оқушыға қолдау көрсеткен болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети