18 маусым 2021 16:35

Киану Ривзге ұқсайтын қазақстандық TikTok желісінде танымал болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдың тумасы Альберт Масуатовқа оның атақты актер Киану Ривзге ұқсайтынын көп адам бұрыннан айтқан. Қазақстандық азамат мұны пайдалану керегін ойлап, TikTok желісінде аккаунт ашқан, ол жерде Альберт канадалық актерға пародия жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралдың тумасы Альберт Масуатовқа оның атақты актер Киану Ривзге ұқсайтынын көп адам бұрыннан айтқан. Қазақстандық азамат мұны пайдалану керегін ойлап, TikTok желісінде аккаунт ашқан, ол жерде Альберт канадалық актерға пародия жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Альберттің Киану Ривзге ұқсайтынын "Скорость" фильмін көргеннен кейін бірінші болып оның қарындасы айтқан. Алайда ол қыздың сөзіне мән бермепті. Уақыт өте оған мұны айтушылар көбейген.

"Дәмханада бармен болып жұмыс істеген кездерім болды. Барда бір адам маған былай деді: "Жігітім, бері қарашы, сен "Матрицадағы" Неоға қатты ұқсайсың". Сол кезде ойланып қалдым, шынымен де ұқсайтын сияқтымын деп. Қай жерге жұмысқа тұрсам да, барлық жерде Киану Ривзға ұқсайсың дейтін. Тіпті бірде көшеде кетіп бара жатсам, бір адам келіп былай деді: "Кешір, бірақ саған бірдеңе айтайыншы...". Мен оның сөзін бөліп, "Киану Ривзге ұқсаймын ба?" дедім. Біз күліп, ол суретке түсейік деп ұсынды. Көшеде актермен кездесіп қалғанын айтып, достары мен туыстарына қалжыңдап көрсеткісі келген екен", - деді Альберт Масуатов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Альберт Масуатов (@albert_masuatov)

Ал Альберттің жұбайы оның Киануға қатты ұқсайтынын оған тұрмысқа шыққанда ғана білген.

"Жұбайым ол актерді әпкесі айтқанға дейін білмеген екен. Ол әдейілеп "Джон Уик" фильмін көріп, Киануға ұқсайтынымды айтты. Енді үнемі "Бұрын қалай байқамағанмын?" дейді", - деп еске алды ол.

@albert.masuatov

##dancedancedance##ooooops

♬ Stromae Alors on Danse - ᴍᴇɢᴜᴍɪ & ᴋʏᴏ 🦋

Альберт келбеті танымал болуға көмектесе алатынын түсінді. Соны түсінген сәтте TikTok желісінде аккаунт ашып, кейде актерге пародия жасайды. Ол Голливудтың актеріне одан әрі ұқсау үшін шашы мен сақалын арнайы өсірген. Оның соңғы видеоларының бірі 700 мыңнан аса қаралым жинаған.

@albert.masuatov

друзья простите за качество ##бугименбабаяга##джонуикбабаяга#

♬ Edge - REZZ

"Мен Киану Ривзбен кездескім келеді, бұл менің мақсатым әрі арманым. Оның реакциясын көргім келеді. Ол таңғалар ма екен? Егер ол маған өзінің дублері болуды ұсынса, ойланбастан келісер едім", - деді Альберт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети