08 шілде 2016 11:10

Мәсімов әлеуметтік желілерде фейктердің көп екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлеуметтік желілерде фейктердің бар екенін айтып, ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлеуметтік желілерде фейктердің бар екенін айтып, ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Желіде жалған фейктер көбейіп кетті. Менің жеке шын аккаунттарым: @instagram - KMassimov, @twitter - @KarimMassimov және @KarimMassimov", - деп жазды Twitter желісінде ҚР премьер-министрі.

Биыл 16 маусымда Мәсімов араға төрт жыл салып, Twitter желісінде қайтадан жазба қалдыра бастаған еді. Кейін 26 маусымда премьер-министр Instagram желісіне тіркелді. 

Қазіргі уақытта оның парақшасына 5 983 адам жазылған, ал Twitter желісіндегі орысша нұсқасында 68 мыңнан аса адам бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети