Миллионнан аса адам WhatsApp мессенджерінің жалған нұсқасын жүктеген

06 Қараша 2017, 09:24
0
Миллионнан аса адам WhatsApp мессенджерінің жалған нұсқасын жүктеген - © ZUMAPRESS.com
© ZUMAPRESS.com

Белгісіз біреулер танымал WhatsApp мессенджерінің жаңартылған нұсқасын шығарған, яғни онда жарнама өте көп болған. Мессенджердің жаңа нұсқасын миллионнан аса адам жүктеп үлгерген, - деп жазады Motherboard.

Google Play интернет-дүкенінде Update WhatsApp Messenger функциясы көрсетіліп тұрған. Ал компаниясы WhatsApp Inc. деп көрсетілген. Алайда белігісіз біреулер онда кодты ауыстырып, қосымшаны сәтті тіркей алған.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, жалған мессенджер қолданушыларға өте көп жарнама жолдаған. Көптеген шағымның арқасында жалған мессенджер Google Play жүйесінен өшірілді.




  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай