Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұялы байланыс абоненттеріне вирусы бар спам тарап жатыр

10 Қыркүйек 2014, 14:41
0
©beeline.kz
©beeline.kz

Қазақстанның ұялы байланыс операторлары абоненттерге вирусы бар спам-хабарламалардан сақ болуды ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті абоненттер, соңғы уақытта SMS-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, телефонға зиянды бағдарламасы бар ресурсқа сілтеме көрсететін хабарлама келеді, хабарламалар оларды ашқан адамның контактілеріне оның еркінсіз таралады. Мұндай SMS-хабарламалар кез келген нөмірден келуі мүмкін. Егер клиент сілтемемен зиянды бағдарламасы бар ресурсқа өтсе, браузерден дереу шығуы керек", - дейді Beeline компаниясының баспасөз қызметкерлері. Ұялы байланыс операторы клиенттерінің барлығына ондай сілтемелермен беймәлім ресурстарға өтпеу керектігін және телефонды вирусқа қарсы бағдарламалармен қорғауды ескертеді, мұндай бағдарламаларды "қосымшалар дүкенінен" алуға болады.

Kcell байланыс операторы да өз клиенттерін спамнан сақ болуға шақырады. "Құрметті Абонент. Соңғы уақытта SMS-хабарламалардың көмегімен вирус тарату жағдайлары жиіледі. Мысалы: "Сәлем! Саған фото" деген тәрізді. Күдікті сілтемеге өтпеуге және телефонға антивирус орнатуға кеңес береміз", - делінген компанияның өз абоненттеріне таратқан хабарламасында.

Бұған дейін SMS-алаяқтық жөнінде Tele2 байланыс операторы ескерткен болатын. Компания алаяқтардың әрекетінен және вирустық бағдарламалардан қорғану шараларын қолға алуға кеңес береді. Tele2-нің хабарлауынша, хабарламалардың өзі телефонға қауіп төндірмейді, тек сілтемемен ары өткен кезде ғана келеңсіздіктер тууы мүмкін.

Қазақстанда телефон, ұялы байланыс және Интернетке қосылу қызметін көрсетудің жаңа ережелері күшіне енгені де бұған дейін хабарланған болатын. Бұл ережелер абоненттерді аяқасты шығындардан қорғауды көздейді. Ұялы байланыс операторлары әрбір клиентін ақылы қызметтер құны туралы жеке ақпараттандырып отыруға міндетті. Сонымен бірге, егер абонент лотереяға, дауыс беруге немесе телевикторинаға қатысу үшін SMS-хабарлама жіберетін болса, байланыс операторы оған мұндай хабарламаның құны туралы ақпарат жолдауы тиіс. Абонент бұл хабарламаны растағаннан кейін барып, одан қызмет ақысы алынуы керек. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай