1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Vine сервисін жасаған Колин Кролл қайтыс болды

© bbc.com © bbc.com

Vine алты секундтық видеороликтер сервисін және HQ Trivia онлайн-викториналарын шығарған Колин Кролл 36 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Полициядағы дереккөздерінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша ер адам есірткіні мөлшерден тыс пайдалану салдарынан көз жұмған. Жексенбіде оның сүйіктісі полицияға арызданып, Кроллдың жоғалып кеткенін хабарлаған.

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Манхэттеннің орталығындағы пәтерінен ер адамның денесін тапты. Мәйіттің жанынан есірткі іздері мен оларды пайдалануға қажетті заттар табылды", - деп хабарлады БАҚ. 

Колин Кролл 2007-2009 жылдары Yahoo компаниясының техникалық басқарушысы, 2013 жылы Vine сервисінің бас директоры болды. Ол оның негізін 2012 жылы Дом Хоффманмен және Руслан Юсуповпен бірге қалаған. Үш жылдан кейін Кролл HQ Trivia атқарушы директоры лауазымына ие болды.