23 қыркүйек 2015 10:05

"ВКонтакте" желісі кей қолданушылар үшін ашылмай тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Frant.me © Frant.me

Қазақстандықтардың көбі "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне кіре алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтардың көбі "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне кіре алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға сүйенсек, проблеманың қызмет көрсететін провайдерлерге қатысы жоқ. "ВКонтакте" желісіндегі проблема 22 қыркүйек күні кешке пайда болды. Айта кетейік, кеше күндізгі уақытта Роскомнадзор әлеуметтік желідегі бес топты жауып тастау керегін хабарлаған болатын. Оның ішінде контенті жасөспірімдерге қатысты сексауалды қарым-қатынас туралы "Дети-404" парақшасы да бар. Роскомнадзор сайт әкімшілігіне топтарды үш күн ішінде өшіруді, болмаса парақшаларды немесе әлеуметтік желіні бұғаттайтынын хабарлаған еді.

Қазақстанда  "ВКонтакте" желісінің істемеуінің бұған қаншалықты қатысы бары әзірше белгісіз. Айта кетейік, әлеуметтік желінің баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин Роскомнадзордың өтінішін қарап жатқанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети