18 желтоқсан 2019 09:12

WhatsApp мессенджерін бір ғана хабарламамен бұзуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Check Point деп аталатын киберқауіпсіз компаниясы WhatsApp-тың ақауын тапты, бұл ақау арқылы қосымша жұмысын бұзып қана қоймай, топтық чатты бұзуға болады екен. Бұл туралы "Вести.Ru" басылымы хабарлады. 


Check Point деп аталатын киберқауіпсіз компаниясы WhatsApp-тың ақауын тапты, бұл ақау арқылы қосымша жұмысын бұзып қана қоймай, топтық чатты бұзуға болады екен. Бұл туралы "Вести.Ru" басылымы хабарлады. 

Бұл ақау WhatsApp-тың iOS және Android-қа арналған нұсқаларында бар. Оның кесірінен қолданушылар топтық чаттағы хабарламалар тарихынан түгелдей айырылып қалуы мүмкін екені айтылады.  

Шабуыл жасау оңай болып шықты. Қаскөйлер топқа қосылып, браузер құралдары арқылы хабарлама қалдырып, оны WhatsApp-тың веб-нұсқасы арқылы жіберсе болғаны. Салдарынан топтық чаттағы қате пайда болады, одан қосымша толықтай істен шығады.

"Қолданушылар мұның кесірінен тіпті мессенджерді өшіріп, қайта жүктеуіне тура келеді, алайда сол чатқа оралуға мүмкіндік бермейді, - дейді зерттеушілер. - Сондықтан олар хабарламалардың жоғалып кетуінен біржола құтылу үшін чаттың өзін өшіруіне тура келеді".

Check Point мессенджерді құрастырушыларға бұл ақау туралы хабарды тамызда берген. WhatsApp өкілдері мұндай проблеманың барын мойындап, соңғы нұсқасында бұл ақаудың алдын алыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети