18 қазан 2017 16:50

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp мессенджерінің қолданушыларында геомәліметтер жіберу мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мессенджердің блогына сілтеме жасап. 


WhatsApp мессенджерінің қолданушыларында геомәліметтер жіберу мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мессенджердің блогына сілтеме жасап. 

"Бүгін жаңа жүйені таныстырмақшымыз. Оның арқасында сіздер өзіңіздің тұрған жеріңізді дәл сол уақытта отбасыңызға не достарыңызға жібере аласыз. Геомәлімет - бұл сіздің қайда екеніңізді білдіру жүйесі. Сіз достарыңызбен кездесу үшін немесе өзіңіздің қауіпсіз жерде жүргеніңізді я болмаса баратын жерңізді бөлісе аласыз", - дейді құрастырушылар. 

Жүйе шифрланған және қай уақыттың ішінде және кіммен бөлісуді өзіңіз басқарасыз. Хабарламада бұл жүйенің кез келген уақытта өшіруге болатыны айтылған. 

Жүйені қосы үшін керек адаммен чатты ашып, "Қосу" фунциясын басып, "Орын/Тұрған жерді" таңдау - "Геомәліметті бөлісу" деген опция пайда болады". Ары қарай қанша уақыт бойы бөліскіңіз келетінін таңдайсыз. Соңында "Жіберу" дегенді басасыз. 

Әрбір мүше адам дәл уақытта тұрған жеріңізді көре алады, барлық орналасқан жер бір картада көрсетіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети