1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Ғаламтор

Whatsapp-та бірнеше адам аудио немесе видео қоңырау жасай алатын функция пайда болды

© REUTERS © REUTERS

Whatsapp мессенджерінде жаңа функция пайда болды. Енді қолданушылар бірнеше адам болып, аудио немесе видео қоңыраулар жасай алады. Бұл туралы компанияның блогында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы жылдардан бері WhatsApp қолданушылары аудио және видео қоңырауларды қолданып келеді. Ал енді біз  мессенджерде жаңа функцияның болғанын хабарлаймыз. Бүгіннен бастап WhatsApp-та бірнеше адам бірігіп, аудио немесе видео қоңыраулар жасай алады", - делінген жарияланған хабарламада.

Компаниядағылардың айтуынша, бір уақытта көп дегенде 4 адам видео арқылы сөйлесе алады. Бірінші абонент екіншісін шақырады, сосын үшінші абонент төртінші абонентті шақырады. Олар бір-бірін экранның оң жағындағы "қолданушыны қосу" функциясы арқылы шақыра алады.

Сондай-ақ, видеоконференцияға қосатын абонентті бірінші болып қоңырау соққан адам ғана емес, видеоконференциядағы барлық абоненттің қоса алатыны айтылады.