24 наурыз 2022 15:06

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©РИА Новости Фото: ©РИА Новости

Енді WhatsApp мессенджерінің қолданушылары хабарламаға реакция қалдыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo-ға сілтеме жасап.


Енді WhatsApp мессенджерінің қолданушылары хабарламаға реакция қалдыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo-ға сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, бұл мүмкіндік Android 2.22.8.3-те WhatsApp-тың соңғы beta нұсқасын орнатқаннан кейін пайда болады.

Келген хабарламаны ұзақ басып тұрса, алты эмодзи шығады. Солардың бірі арқылы хатқа жауап беруге болатыны айтылған. Әзірге бұл функцияны қолданушылардың шектеулі саны ғана пайдалана алады.

WABetaInfo

"WhatsApp Messenger қолданбасын сынауға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет. Қазіргі уақытта WhatsApp Messenger қолданбасын сынаушылардың шекті санына жеттік және өтінім қабылдауды тоқтаттық", - делінген Google Play парақшасында.

Басылым мәліметінше, реакциялар жақын арада iOS және компьютерге арналған қосымшада пайда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети