06 қараша 2020 17:27

WhatsApp Үндістанда төлем қызметін іске қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: AndroidAuthority Фото: AndroidAuthority

WhatsApp мессенджері Үндістанда төлем қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


WhatsApp мессенджері Үндістанда төлем қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Facebook Үндістанның ұлттық төлем корпорациясымен (NPCIL) бірге Whatsapp төлем функциясын іске қосты. Компания Үндістанды 400 миллионнан аса қолданушысы бар ең ірі нарық деп санайды.

"Бұл қызмет WhatsApp-тың 10 үнділік аймақтық тіл нұсқасына қол жетімді", - дейді Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг.

WhatsApp мамандары бұл қызметті іске қосу үшін Үндістанның 5 банкімен, оның ішінде Үндістанның мемлекеттік банкімен серіктес екенін атап өтті. Мессенджер арқылы ақша жіберу үшін Үндістандағы қолданушыларға банктегі есепшот пен дебет картасы керек.

Компания төлем қызметі қауіпсіздік пен құпиялылықтың қатаң қағидаты негізінде жасалғанын жеткізді. Әрбір транзакция үшін пайдаланушылар бірыңғай төлем интерфейсінің PIN-кодын енгізуі қажет.

Айта кетейік, 6 қарашадан бастап Үндістандағы тұрғындары WhatsApp төлем қызметін пайдалана алады. Жаңа қызмет iPhone және Android қосымшаларының соңғы нұсқасында қол жетімді.

WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети