12 тамыз 2022 10:52

"Зерде" басшысы ХҚКО-лар мен eGov.kz жұмысындағы ақаулар туралы: Сөгіс жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov.kz жұмысындағы ақаулар себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov.kz жұмысындағы ақаулар себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Зерде" Ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ басқарма төрағасы Арман Әбдірәсілов Facebook-парақшасында жазды.

Спикердің айтуынша, апат 3 тамызға қараған түні деректерді сақтау жүйесіндегі ақаудан басталған. Оны жоюға 32 сағат кетті.

"Инфрақұрылым мәселесі бұрыннан бар. Ол күрделі тозу және қаржы тапшылығымен байланысты. Апат сөзсіз болатын еді. Инфрақұрылым жаңартылмайынша, болашақта да мұндай ақаулар болуы мүмкін.

Реттеушіге мәселе туралы бірнеше рет хабарланды, бірақ шешім қабылданбады. Сонымен қатар, былтыр біз іске қосқан жүйелердің 25 пайызын сақтайтын резерв алаң жобасын қаржыландыру биыл қысқартылды. Деректерді жоғалтудың алдын алу тек сәттілік болды", - деді ол.

Әбдірәсіловтің айтуынша, апат себептері объектив. Бұл - жабдықтардың тозуы, артық жүктеме және қаржы тапшылығы.

"Ақауды жою жұмыстарының ұзаққа созылу себептері субъектив: толыққанды резерв жүйенің, сондай-ақ оқиғалар мен апаттардың бекітілген сценарийлерінің болмауы", - деп қосты ол.

Тексерулер қорытындысы бойынша басқарма төрағасына және оның инфрақұрылым блогы жөніндегі орынбасарына сөгіс жарияланған. Сондай-ақ, МДБ және инвестициялық жобаларды қолдауға жауапты басқарма төрағасының орынбасарына да ескерту жасалған.

"Басқаруды күшейту үшін e-Gov блогы бойынша төраға орынбасарының өкілетін тоқтатып, бұл қызметке Дмитрий Голобурданы тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол цифрландыру, байланыс және киберқауіпсіздік саласындағы заңнаманы дамытуға үлкен үлес қосты, сонымен қатар күрделі мемлекеттік жобаларды техникалық жүзеге асыруға тікелей қатысты", - деп түйіндеді сөзін Арман Әбдірәсілов.

Еске салайық, 3 тамызда eGov.kz порталының жұмысында ақау шығып, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейлі банктерде де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болды. Сол күні кешке eGov.kz жұмысы жартылай, келесі күні толық қалпына келтірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети