05 маусым 2018 08:13

1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақыны жаңаша алатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Елімізде 940 мың зейнеткер не болмаса жалпы зейнеткерлердің 44,5 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алатын болады. Бұл туралы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеуге арналған баспасөз-конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, зейнеткердің еңбек өтілі 33 жылға толса, ол базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейіның 100 пайызын алады.

Жақыпова Мемлекет Басшысы өзінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында 2018 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа 1,8 есе ұлғаятынын айтып өтті.

Барлық зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет бюджеттен төлеп отырған базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады.

"Аталған өзгерістер барлық зейнеткерге қатысты болады. Саны бүгін 2 миллионнан аса адам болатын қазіргі барлық зейнеткерге базалық зейнетақыны қайта есептеу автоматты түрде біржолғы жүзеге асырылады. Алдағы уақытта зейнеткерлікке шығатын адамдарға базалық зейнетақының мөлшері жаңа әдістеме арқылы белгіленетін болады. Қайта есептеу қосымша құжаттар талап етілмей жүргізіледі, себебі еңбек өтілі туралы мәліметтер зейнетақы істерінде бар, ал міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңдері міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы дерекқорында бар", - деп атап өтті вице-министр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети