10 қараша 2020 09:14

10 қарашадан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту ережелері өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мемлекеттік шекара арқылы өту пункттерінде шектеу шараларын енгізетін қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мемлекеттік шекара арқылы өту пункттерінде шектеу шараларын енгізетін қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулының мәтіні Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

Қаулы бойынша, теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті түде сәйкес термометриядан және сауалнамадан өтетіні айтылады.

"Келген Қазақстан Республикасының азаматтарыАнықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы жүзеге асырады.

COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижемен келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.

COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қараудың оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады", - делінген қаулыда.

Айта кетейік, қаулы 10 қараша сағат 00.00-де күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети