12 қараша 2020 09:06

1,2 миллион теңге жалақы алатын алимент төлеуші Toyota Camry көлігінен және Алматыдағы пәтерінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Алимент төлемеген қазақстандық автокөлігі мен пәтерінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап. 


Алимент төлемеген қазақстандық автокөлігі мен пәтерінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, ол 2017 жылдан бері қарызын төлемеген. Сол кезден бастап ол үш баласының алиментін төлемеген. Қапшағайдың сот орындаушысы салық органдары арқылы алимент төлеушінің ай сайынғы табысы 1,2 миллион теңге екенін анықтаған. Осы уақыт аралығында оның қарызы 21 миллион теңгеге жеткен. 

Сот орындаушы алимент төлеушінің атында Алматыдағы екі бөлмелі пәтер және Toyota Camry автокөлігі барын анықтаған. 

"Мүліктер тәркіленіп, бағалау жұмыстары жүргізілді. Алимент төлеушіні жеке сот орындаушысы бірнеше рет шақырған. Оған балаларының алиментін төлеуі туралы бірнеше рет ескертілген. Алайда ер адам соттың шешімін орындаудан бас тартты", - дейді министрлік өкілдері.  

Ер адам сот талабын орындамағаны үшін жеке мүлкінен айырылды.  

"Автокөлік 3,2 миллион теңге, ал пәтер 13,6 миллион теңге деп бағаланды. Жалпы сомасы 16,8 миллион теңге болатын мүлік оны өндіріп алушыға берілді. Бүгінде ер адамның алимент төлеу бойынша қарызы 777 мың теңге", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети