01 сәуір 2022 18:53

13 миллиард теңге. "ӨКМ Операторы" бұрынғы басқарушы директоры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы Басқарушы директоры ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.


13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы Басқарушы директоры ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, ол "Жасыл Даму" АҚ ("ӨКМ Операторы" ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы "RecyclingCompany" ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд.теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында "ӨКМ Операторы" ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 ай мерзімге қамауға алынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети