15 шілдеде 10 елдің инвесторларына шекара ашылады

10 Шілде 2014, 14:08
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
Рәпіл Жошыбаев. ©Ortcom.kz
Рәпіл Жошыбаев. ©Ortcom.kz

Шілденің 15-сінен бастап, 10 елдің азаматтары Қазақстанға 15 күнге дейін визасыз келе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевқа сілтеме жасап. 

Айта кетейік, жақында шетел инвесторлары кеңесінің кезекті отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасына көптеп қаржы салған 10 мемлекет үшін визасыз режим енгізіледі деп мәлімдеген. Осыған орай арнайы заң жобасы әзірленді. "Оған сәйкес, 10 мемлекет - АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Жапония азаматтары шекарадан өткеннен кейін 15 күнге дейін визалық талаптардан босатылады. Қанатқақты жоба биыл шілденің 15-сі күні басталып, тура бір жылға созылады. Бұл бастама екіжақты байланыстарды күшейтіп, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр. Әрине, аталған шара аясында туристерді де кеңінен тарту көзделген. Визасыз режим он елдің барлық азаматтарына таралады. Біздіңше, 15 күннің ішінде іскерлік мәселелерді шешіп, Қазақстанның мәдениеті мен тарихымен жан-жақты танысып шығуға болады. Сондықтан біз осы мерзімге тоқтадық", - деді Жошыбаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.  

Визасыз режим бойынша Қазақстанға келген шетелдіктер үшін көші-қон органдарына барып, тіркеуге тұрудың қажеті жоқ. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай