25 сәуір 2020 10:54

150 науқастың денсаулығына қауіп бар. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 2482 адам тіркелген. Олардың саны 2416-ға жеткенде, 31 науқастың жағдайы ауыр, 150 адамның денсаулығына қауіп болған, олар 65 жастан асқан науқастар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 2482 адам тіркелген. Олардың саны 2416-ға жеткенде, 31 науқастың жағдайы ауыр, 150 адамның денсаулығына қауіп болған, олар 65 жастан асқан науқастар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының сайтына сілтеме жасап.

Орталық мәліметінше, ауру таралуы салыстырмалы азайған. Мысалы, өткен 4 күн ішінде 140-154 жаңа жағдай анықталса, 23 сәуірде 127 оқиға тіркелді. Еске салайық, қазір ел вирустың шарықтау шегін бастан кешіп жатыр.

Науқастардың басым көпшілігінде ауру жеңіл немесе симптомсыз өтіп жатыр, ал 290 адамның жағдайы орташа. Тағы 31 науқастың жағдайы ауыр.

Вирус жұқтырғандардың ішінде жүзден астам бала бар. Бес жасқа дейінгі 61 бала тіркелген, 5-10 жастағы - 50 бала, 10-15 жастағы - 58 жасөспірім.

Ең көп жас тобы - 25-30 аралығы. Оның ішінде 138 әйел және 156 ер адам бар.

Еске салайық, 65 жастан асқан адамдар қауіп-қатер тобына жатады. Дәрігерлер бұл жастағы науқастар ауруды ауыр өткізеді деп санайды. Қазақстанда 65-70 жастағы - 24 әйел және 25 ер адам, 70-80 жастағы - 34 әйел және 21 ер адам, 80-90 жастағы - 28 әйел және 10 ер адам бар. Сонымен қатар, 90-нан 95 жасқа дейінгі вирус жұқтырған жеті пациент және 95 жастан асқан бір әйел тіркелген.

Сондай-ақ, инфекция көп тараған қалаларда ауру қарқыны төмендеді. Мұның алдында Нұр-Сұлтан мен Алматыда күн сайын науқастар саны 15 пайызға дейін өсіп тұрса, қазір ол тиісінше 4 және 5 пайызға жетеді.

Алайда, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, еліміз аурудың шарықтау шегіне енді-енді жетіп келе жатыр. Мысалы, Шымкентте күнделікті вирус анықталғандар саны 35 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында - 32 пайызға, Батыс Қазақстан облысында - 14 пайызға жетеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети