165 жолаушы және сағатына 20 шақырым: Алматыдағы LRT-ға қатысты жаңа мәліметтер

ПОДЕЛИТЬСЯ

165 жолаушы және сағатына 20 шақырым: Алматыдағы LRT-ға қатысты жаңа мәліметтер Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі қиылысындағы болашақ LRT/Алматыдағы LRT бірінші желісінің бірінші кезегі құрылысы ТЭН ҚОӘБ жобасынан алынған фото.

Алматы әкімдігі LRT құрылысына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Бір құрам қанша адам тасымалдай алады және жобаның түпкілікті құны қашан белгілі болады – Tengrinews.kz материалында.


Алматы әкімдігі LRT құрылысына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Бір құрам қанша адам тасымалдай алады және жобаның түпкілікті құны қашан белгілі болады – Tengrinews.kz материалында.

Не болды?

Әкімдік мәліметінше, қазіргі техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) тек инфрақұрылым жасауды: жолдарды төсеуді, эстакадалар мен бекеттер тұрғызуды және инженерлік желілерді тартуды қамтиды. Вагондар құны бұл сомаға кірмейді.

"Вагондарды сатып алу жылжымалы құрамды жеткізуді, іске қосу-жөндеу жұмыстарын, сынақтарды және пайдалануға беруді қарастыратын жеке жоба аясында жоспарланған. Ол бойынша тиісті құжаттама әзірленіп, кейін белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізіледі", – деп хабарлады ведомство.

Алматыдағы LRT үшін вагондарды жеткізуші әлі таңдалған жоқ - қазір мамандар тек техникалық сипаттамаларды пысықтап жатыр. Дегенмен, болашақ көліктің негізгі параметрлері белгілі болды:

  • Есептік сыйымдылығы: 165 жолаушы (отыратын және тұратын орындарды есептегенде);
  • Орташа қозғалыс жылдамдығы: сағатына 20 шақырым.

LRT жобасының түпкілікті құны мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін анықталады.

Алматыдағы LRT құрылысы

Бұған дейін Алматыда Төле би көшесінің Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралығында трамвай рельстерін демонтаждау басталды. Әкімдік бұл жұмыстар болашақ LRT желісінің құрылысына дайындықпен байланысты екенін хабарлады. 2015 жылы трамвай қозғалысы тоқтағаннан бері алынбаған рельстер алдағы LRT құрылысы процесін жеделдету үшін алынып жатыр.

2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм

LRT құрылысы қашан аяқталады және ол қай жерден өтеді?

Бұған дейін қала әкімдігі бұрынғы трамвай бағыты бойынша ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы LRT желісі өтетінін хабарлаған болатын. Ол Алатау ауданының индустриялық аймағын Алматы-2 теміржол вокзалымен байланыстырады.

Бағыт Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелерімен, содан кейін Абылай хан даңғылы арқылы "Райымбек батыр" көлік-ауыстыру торабына дейін өтеді.

"Жобаланып жатқан LRT желісі "Дарабоз", "13", "Ғажайып", "Нұркент" шағынаудандарын, "Алатау сити", "Алмалы" тұрғын үй кешендерін қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын ұзындығы 18,3 шақырымдық екі жолақты трасса. Желі негізінен Момышұлы, Төле би көшелері мен Абылай хан даңғылындағы оқшауланған жолақпен өтеді", – делінген Алматыдағы LRT желісінің бірінші кезегі құрылысын қоғамдық талқылау құжатында.

Желіде 34 жолаушылар платформасы қарастырылған: 12 аралдық және 22 жағалаулық үлгіде. Жолтабан ені 1435 миллиметр.

  • Төле би көшесінде 4 аралдық және 15 жағалаулық бекет орналасады.
  • Момышұлы көшесінде 5 аралдық және 5 жағалаулық бекет қарастырылған.
  • Абылай хан даңғылында 3 аралдық және 2 жағалаулық бекет пайда болады.

Құрылыс 2027 жылдың сәуірінен 2029 жылдың сәуіріне дейін жүргізіледі.

Құрылысты кім қаржыландырады?

LRT желісінің құрылысын жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланған.

Басқарма мәліметінше, жобаның жалпы бюджеті жобалау аяқталып, құрылыстың сметалық құны есептелгеннен кейін анықталады.

LRT-мен жүру құны және ол неге байланысты болады?

Қазіргі кезеңде жолақы құны белгісіз. Бұған дейін басқарма тариф әртүрлі факторға: мемлекеттік реттеуге, субсидиялар көлеміне және тасымалдаушының операциялық шығындарына байланысты болатынын нақтылаған еді.

LRT жүйесі BRT және метромен байланыстырылуы мүмкін

Алматы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы LRT оқшауланған жүйе болмайтынын атап өтті. Ол Алматының біріңғай көлік жүйесінің бір бөлігі ретінде жобаланып жатыр.

"Мақсат – жолаушының тез әрі ыңғайлы ауысып мінуіне және жүйені біртұтас желі ретінде қабылдауына жағдай жасау. Болашақта LRT батыс және шығыс көлік-ауыстыру тораптарын байланыстырады, онда метрополитен, BRT, такси, сондай-ақ қалалық және қала маңындағы автобус бағыттары, қалааралық автобус рейстері біріктіріледі", - деп түсіндірді ведомство.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Алматыда қаланы 2040 жылға дейін дамытудың Бас жоспары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Сол кезде "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов LRT желісі "Барлық" бекетінен бастап Төле би көшесімен Алматы-2 вокзалына дейін, одан әрі Абылай хан даңғылымен Шығыс қақпасына қарай өтетінін айтқан еді.

Садуов құрылысты жеделдету үшін EPC-келісімшарт жасасу мүмкіндігін атап өтті (бұл жағдайда мердігер нысанды жобалауға да, құрылысына да жауапкершілікті өз мойнына алады).

Читайте также

Валюта бағамы

 486.99   558.26   6.59 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +34
Ақтау +27
Ақтөбе +21
Атырау +27
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +32
П
Павлодар +33
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +36
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +28
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер