18 қаңтар 2020 10:46

18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: еліміздің басым аумағында боран соғады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 18 қаңтар ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 


Синоптиктер 18 қаңтар ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап. 

Республиканың солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, желдің күшеюі байқалады және боран соғады. Оңтүстік-батысқа кезекті циклон әсер етіп, жаңбыр, қар жауады. Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, жел 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетеді, екпіні секундына 30 метр және одан да көп болуы мүмкін, кей жерлер көктайғақ. 

Павлодар облысында боран соғады, түнде кей жерлерде қатты боран соғады, түнде жел жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28, кей жерлерде секундына 30 метр және одан да көп болады, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде көктайғақ болады.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, түнде Қарағанды облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде боран соғып, жел секіндына 15-20 метрге дейін күшейеді, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді, күндіз де кей жерлерде боран соғады, тұман түседі.

Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети