Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

19 миллионыншы қазақстандықтың отбасына қандай сый берілді? 04 тамыз 2021, 15:55

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Тengrinews.kz/Айнаш Ондирис Фото: Тengrinews.kz/Айнаш Ондирис

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны болған Жания Азаматқызының отбасына бағалы сыйлықтар табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Жанияның үйіне ата-анасын жеке құттықтау үшін барған. Айтулы оқиғаның құрметіне Жанияның отбасына бір миллион теңгенің сертификаты сыйға тартылған. Сондай-ақ, нәрестеге арба, балаға күтім жасауға арналған заттар мен жеміс-жидек салынған себет табысталған.

Сонымен қатар, Жанияның екі үлкен әпкесі де шенеуніктерден смартфон сыйға алған.

Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Кейін он тоғыз миллионыншы қазақстандық қыздың анасы Назгүл Көбентаева Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, баланың қазіргі жағдайы мен қуанышты хабарды қалай қабылдағанын айтып берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram