04 сәуір 2022 17:34

19 офицердің қазасы, ұсталған полицейлер, тергеу. Қасіретті қаңтар туралы жаңа деректер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев / Tengrinews.kz Фото: Әлихан Сариев / Tengrinews.kz

Бүгін, 4 сәуірде Бас прокуратура мен ІІМ өкілдері брифинг өткізіп, қаңтар оқиғаларын тергеу бойынша соңғы жаңалықтарды бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі жаңа деректер туралы баяндайды. 


Бүгін, 4 сәуірде Бас прокуратура мен ІІМ өкілдері брифинг өткізіп, қаңтар оқиғаларын тергеу бойынша соңғы жаңалықтарды бөлісті. Tengrinews.kz тілшісі жаңа деректер туралы баяндайды. 

Арнайы прокурорлар 262 қылмыстық істі қарап жатыр

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президент тапсырмасы бойынша қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлардың басшылығының ведомствоаралық жедел тергеу топтары айналысып жатқанын айтты. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар, оның ішінде 44 терроризм актілері, 47 жаппай тәртіпсіздік бойынша. 

"Бүгінде 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда. Жалпы, ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың көбі: ұрлық, тонау, қару жымқыру және басқа ауыр емес қылмыстар. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу жүргізілгеннен кейін істер бірден сотқа жолданып жатыр. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады. Бүгінде кінәні мойындау және залалды өтеуге байланысты 135 адамның бас бостандығы шектеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды", - деді ол.

Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 адам бас бостандығынан айырылды.

Құқық қорғау қызметкерлері өлімінің мән-жайы айтылды

Елдос Қилымжанов бүгінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қазіргі және болашақ 19 офицердің қазасының мән-жайы туралы айтты.

"Алматы қаласы әкімдігі ғимаратын күзетуге қатысқан қарусыз әскери қызметші подполковник Қайыровтың өлімі кезінде ерекше арсыздық байқалды. Оның денесі ғимарат төбесінен табылды", - деді ол. Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін марқұмның денесін өртеп жібергені анықталған. 39 жастағы офицердің артында отбасы мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қылмыскерлер Алмалы аудандық полиция басқармасы мен "Көк-Төбе" телемұнарасын басып алмақ болған кезде стратегиялық нысандарды қорғаған қызметкерлер Қамбетов, Асылханов және Алмасов оқ жарақатынан қаза тапқан.

"Талдықорғанда он адамнан құралған қылмыстық топ алаңда өз міндетін атқарып жүрген Ұлттық ұланның 5514-әскери бөлімшесінің мерзімді әскери қызметшісі Амановқа шабуыл жасады. Қатты соққы салдарынан 18 жастағы Аманов көптеген дене жарақатын алған. Ол есін жимастан, жедел жәрдем көлігінде қаза болды", - деді Қилымжанов.

Ол қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қаза болғандарға қатысты жан-жақты тергеу жүріп жатқанын, бұлтартпас дәлелдер анықталған кезде олардың нәтижелері хабарланатынын айтты.

Алматы мен Жамбыл облысында екі полиция басшысы ұсталды

Қилымжанов 5 қаңтарда Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің үш департаментінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғанын еске салды.

"Олардың барлығы күдікті деп танылды. Бұл факт бойынша қызметтегі әрекетсіздік бабымен тоғыз қылмыстық іс қозғалды", - деді Бас прокуратураның 1-қызметі басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ол 1 және 2 сәуірде Жамбыл облысы ІІД бастығының экс-орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті. Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелер жиналып жатыр. 

Тергеліп жатқан ең атышулы он іс кімге қатысты?

Қилымжановтың айтуынша, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

"Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданудың барлық дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Арнайы прокурорлар ең атышулы он істі тергеп жатыр. Осы істер аясында 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 ҰҚК қызметкері және бір полиция қызметкері ұсталды", - деді ол.

Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қанша іс тергеліп жатыр?

Бас прокуратура Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 істі тергеп жатыр.

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, әлеуметтік желіде 2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған оқиғаларға байланысты жалған ақпараттар әлі де тарап жатыр. 

318 миллион теңге тұратын мүлік тәркіленді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған мүліктер табылып жатыр. Бүгінде 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленді. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов брифингте мәлімдеді.

"Бүгінгі таңда 318 миллион теңге тұратын ұрланған мүлік тәркіленді. Оның ішінде 12 автокөлік, тұрмыстық техниканың 319 данасы, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 546 киім, 16 миллион теңге", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети