11 қаңтар 2021 17:34

196 колледж 500 мамандық бойынша студенттерді даярлау құқынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: newsmir.info Иллюстрациялық фото: newsmir.info

Еліміздегі колледждердің білім беру қызметіне қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.⠀


Еліміздегі колледждердің білім беру қызметіне қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 196 колледжден 500 мамандық пен 738 біліктілік бойынша лицензияға қосымшаларын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.⠀

Колледждер белгілі бір мамандықтар бойынша студенттерді оқытқанымен, бейіні мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болмай шықты.

БҒМ өкілдері бұл колледждердің студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылып, оқытушылар жұмысқа орналастырылғанын хабарлады.

"Біз осы бағыттағы жұмысты жоғары оқу орындарында да, колледждерде де жүргізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырма берген болатын. Шын мәнінде, елімізде сапалы білім беретін колледждер көп, бірақ бәрі бірдей емес. Осы орайда жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, дегенмен қатаң шаралар да қабылданады. Егер медициналық колледж қаржыгерлерді, бухгалтерлер мен програмистерді, ал агротехникалық колледж - мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерін, құрылыс колледжі - дене шынықтыру мұғалімдерін және т.б. бағыттар бойынша мамандарды даярласа, сапалы білім беру туралы қалай айтуға болады? Тіпті бұл оқу орындарының қажет базасы, тиісті кадрлары мен оқу үрдісіне қажет жабдықтары да жоқ болғанын айта кеткен жөн", - деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Еске салайық, 2020 жылдың қазанында Алматыдағы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы бас лицензиядан айырылған болатын. ҚазККА лицензиядан айыру туралы қабылданған қаулыға қатысты шағым жазды. Алайда Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты БҒМ жағына шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети