06 тамыз 2020 16:14

2 миллионнан аса қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

2 миллионнан аса қазақстандыққа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2 миллионнан аса қазақстандыққа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

"2 182 000 азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды. Бұл туралы ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов мәлімдеген болатын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыздың соңында алғашқы вакцинаны әзірлеуді бастаған болатын. Күтімбетов әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина. Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. 

Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети