04 тамыз 2020 15:41

Қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыздың соңында алғашқы вакцинаны әзірлеуді бастаған болатын. 

"Мамырда оны тіркеу үшін ДДҰ-на жіберілді. Мемлекеттің тапсырысы - ғылыми-техникалық бағдарлама, біз бес вакцинаны әзірлеуді ұсындық", - дейді Лесбек Күтімбетов. 

Ол әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина.

"Әлемде бірде-бір кәсіпорын бір жерде вакцинаның бірнеше түрін дайындамайды. Біздің институтта өте жақсы мамандар жиналды. Ең сәтті шыққаны - белсенді емес вакцина. Дәл осындай вакцина Қытайда дайындалады, олар бірнеше ай бұрын қолданысқа ене бастады, кесте бойынша озып кетті. Оны Ресейде де дайындайды", - деді ғалым.

Лесбек Күтімбетовтің сөзінше, қазір тек белсенді емес вакцина дайын, қалғандары бойынша жұмыс жасалып жатыр. Маман белсенді емес вакцина клиникаға дейінгі тәжірибеден өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, жануарларға жүргізілген зертханалық сынақтар сәтті өтті. Қазір зерттеу маймылдар тәжірибеден өтіп жатыр. Онымен қоса, вакцина Алматыдағы сараптама орталығында тексеріледі.

"Вакцина сұйық, түссіз, арасында кішкентай ақ тұнба бар, ол вакцинаның құрамындағы иммуностимулятор. Вакцина зиянды емес, иықтағы бұлшықетке 0,5 миллилитр көлемінде енгізіледі. Шприцпен салынады, ауырмайды. Түрлі адам бар ғой, біреуінде ісініп, қызару пайда болуы мүмкін", - деді вакцинаны әзірлеуші.

Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. Күтімбетовтің сөзінше, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салынды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети