21 маусым 2024 09:11

20 маусымнан бастап жауапкершілік көзделеді: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

ІІМ өкілдері шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы үшін жауапкершілікті түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ өкілдері шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы үшін жауапкершілікті түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 маусымнан шегілмейтін темекі өнімдері, электрондық темекі, вейптер және оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Ведомство мәліметінше, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес шегілмейтін темекі өнімдеріне құрамында никотин бар, темекі жапырағынан әзірленетін заттар және олардың синтетикалық аналогтары жатады.

"Олар сору, шайнау, иіскеу үшін дайындалады. Электрондық темекілерге, вейптерге құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, хош иістендіргіштерді қыздыратын құрылғылар жатады. Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін Ішкі істер министрлігі тұрғындарға және кәсіпкерлерге қабылданғалы жатқан өзгерістерді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл заттарды сату және тарату деректері анықталған жағдайда кiнәлi тұлғаға 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не болмаса 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, я болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылады. Осы заттарды әкелгені және өндіргені үшін мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Егер айтылған іс-әрекеттер адамдар тобымен, аса ірі мөлшерде, бірнеше рет жасалса, мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Құрметті азаматтар! Заңнамадағы көрсетілген өзгерістер еліміздің болашағы балалар мен жастардың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ержан Жақсылықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети