2000-ға жуық қазақстандық заңсыз атаулы әлеуметтік көмек алып келген

24 Шілде, 09:18
0
2000-ға жуық қазақстандық заңсыз атаулы әлеуметтік көмек алып келген - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

2000-ға жуық қазақстандық бүгінге дейін заңсыз атаулы әлеуметтік көмек алып келген. Бұл туралы Үкімет үйіндегі брифингте Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, қазір олар ақшаны мемлекетке қайтарып жатыр. Қайтармағандардың ісі сотта қаралады.

"Өкінішке қарай, елде жақсы бір іс қолға алынса, артынша-ақ соның арқасында пайда көріп қалғысы келетіндер табыла кетеді. Олар да жақсы көмек алғылары келеді. Кейде табыстарын жасырады, кейде жалған ажырасады, тағысын тағы", - дейді ол.

Гүлшара Әбдіхалықованың мәліметінше, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен аймақтарды аралайтын бірнеше топ құрылған. Олар зәулім үйі, қымбат көлігі барларды түсіріп алды.

Брифингтегі мәлімет бойынша қазір әлеуметтік көмек 240 мың отбасыға беріледі. Олар - әлеуметтік әлсіз топқа жататындар, отбасы мүшелерінің жалақысы 42 мың теңгеден аспайтындар. Заң бұзғандардың біразы өз еркімен ақшаны қайтарып жатыр.

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіхалықова Алматыда 53 отбасы "қарызынан" құтылғанын, ал қалғандарының ісі сотқа өтіп кетуі де ғажап емес екенін айтты. 

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай