2001 жылға дейін Қазақстанда 150 адам өлім жазасына кесілген - ҚР Бас прокуратурасы

03 Қараша 2016, 10:46
0
2001 жылға дейін Қазақстанда 150 адам өлім жазасына кесілген - ҚР Бас прокуратурасы -

Президенттің өлім жазасына мораторий жариялауы заң жүзінде соттарға үкім шығаруға қайшы келмейді. "Күлекбаев ісі" бойынша Бас прокуратура осындай ақпарат айтып отыр. 2003 жылы жарияланған мораторийдің қашанға дейін жалғасатыны белгісіз, дейді қадағалаушы орган өкілдері. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Алайда, қажет жағдайда алып тасталуы мүмкін. Соңғы рет өлім жазасы осыдан 10 жыл бұрын тағайындалған. Кейін бұл үкім "өмір бойына бас бостандығынан айыру" жазасымен алмастырылыпты. Бас прокуратураның құқықтық статистика орталығының ақпаратынша, 1997 жыл мен 2001 жыл аралығында өлім жазасына 266 адам кесілген. Осы уақыт аралығында 150 адам атылған. 27 адамның жазасы "өмірбойына абақтыға қамауға" алмастырылған. Қалған 89 адамның жағдайы белгісіз. Алайда мамандар олардың осы уақыт аралығында қайтыс болуы мүмкін екенін айтады. Себебі олар, өлім жазасы орындалғанша, өз өздеріне қол салады екен. Осы жылдар аралығында жыл сайын 18 адам қол салған, - деп хабарлады Бас прокуратура.

ҚР БП Құқықтық статистика орталығы

Өлім жазасына кесілгендер саны - 266.
1997 жыл - 61 адам
1998жыл - 63 адам
1999 жыл - 63 адам
2000 жыл- 40 адам
2001 жыл - 39 адам
Жазаға кесілгендер - 150 адам
1997 жыл - 45 адам
1998 жыл - 46 адам
1999 жыл - 33 адам
2000 жыл - 11 адам
2001 жыл - 15 адам
Жазасы кешірілгендер - 27 адам

Сондай-ақ, Конституциялық кеңеске өлім жазасына енгізілген мораторийді алып тастау үшін жыл соңына дейін тиісті өтініш түсуі мүмкін екендігі хабарланды. 

"Егер оның сұрақтары болмаса және заңнамалық тұрғыда неге сондай шешім қабылдағанын түсіндірсе, әрине, Президентте ондай құқық бар. Яғни ол заңды бастама жасауға қабілетті. Қалай дегенмен, Конституциялық кеңеске өтініш келіп түсуі ықтимал. Депутаттар, тіпті Президент те шығуы мүмкін. Өйткені бұл өте жауапты, прецедентті, әлеуметтік және саяси сұрақ", - деді ҚР Конституциялық кеңесінің баспасөз хатшысы Гүлнар Байділдә.

Еске салайық, кеше, 2 қарашада Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 шілдеде қарулы шабуыл жасаған алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа сот үкімі шыққан болатын. Судья Ерлан Болат сотталушыға өлім жазасын кесіп, мүлкін тәркілеу үкімін шығарды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай