05 ақпан 2014 18:43

2015 жылға дейін ауылдар ОТАУ тв-ға қосылуы керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында Асылжан Мамытбеков ауылды жерлердегі ветеринариялық бөлімдерде ақпарат алмасу үшін ғаламтор керектігін алға тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Кейбір елді мекендерде ғаламтор мәселесі қиындық тудырып отыр. Бұл ақпарат алмасуда таптырмайтын құрал. Сондықтан жергілікті әкімдіктер ветеринарлық мекемелерде ғаламтор байланысын реттеп, оған қаржы қарастырса деген тілегіміз бар. Техникалық түрде спутниктік байланыс аппаратын орнатса аса қиындық тудырмайды" - деді министр А.Мамытбеков. Министрдің мұндай өтінішін Серік Ахметов жергілікті әкімдерге тапсыруга болмайтындығын атады. Өйткені, әкімдер мұндай жұмысты ұйымдастырып, іске асырғанша көп уақыт өтіп кетеді деп санайды. "Мұндай жұмысты әкімдерге тапсыруға болмайды. Қазір алқа отырысына қатысқан әкім орынбасарлары барған соң қарамағындағыларды жинап, оны орындағанша біраз уақыт өтеді. Тіпті, ұмытып кетеді. Одан да бұл шаруаны Көлік және коммуникация министрлігіне тапсырған дұрыс. Орталықтандырылған жұмысты орындау солардың міндеті", - деді Премьер-министр алқа отырысында. Үкімет басшысының айтуынша, ғаламтормен қамту өте маңызды мәселе. Мысалы, қазіргі уақытта елдің бәрі "ОТАУ ТВ" спутниктік желісін қостыруда. Оны іске асыру барысында ауылды жерлер назардан тыс қалып отыр. "Сондықтан 2015 жылға дейін ауылды жерлерді "ОТАУ ТВ" желісімен 100 пайыз қамту керекпіз", - деді Серік Ахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети