2015 жылы бала күтімі үшін 35,4 миллиард теңге жәрдемақы қарастырылған

03 Наурыз 2015, 11:44
0
2015 жылы бала күтімі үшін 35,4 миллиард теңге жәрдемақы қарастырылған - ©РИА Новости
©РИА Новости

2015 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 35,4 миллиард теңге қарастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2014 жылы бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 31,1 миллиард теңге бөлінген. Жәрдемақының мұндай түрін алушылардың жылдық орташа саны 173,5 мың адамға тең. Ал жәрдемақының мөлшері балалардың кезегіне қарай 10 668 теңгеден 16 483 теңге аралығында болды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар көлемінің өскені бұған дейін хабарланған болатын. Айлық есептік көрсеткіші биыл - 1982 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері - 23 692 теңге, орташа мөлшері - 11 182 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі - 21 364 теңге. Зейнетақы төлемдері 9 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға өсті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай