16 маусым 2014 17:24

2015 жылы Қазақстанда халық санағына дайындық басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Voxpopuli.kz ©Voxpopuli.kz

Қазақстанда 2020 жылы халық санағы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов онлайн-конференция барысында айтты.


Қазақстанда 2020 жылы халық санағы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов онлайн-конференция барысында айтты.

Смайыловтың айтуынша, агенттік 2015 жылы санаққа дайындықты бастайды. "БҰҰ 2020 жылы халық санағының кезекті раундын бастайтыны туралы жариялады, Қазақстан да БҰҰ ұсынымдарына сүйеніп және өзге елдер мәліметтерімен салыстырылымдылықты қамтамасыз ету үшін 2020 жылы санақ өткізуді жоспарлап отыр", - деді Смайылов.

Айта кетейік, халықаралық тәжірибеде халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Статагенттіктің мәліметінше, 2014 жылдың 1 мамырында Қазақстанда халықтың саны 17 млн 244 мың 400 адам болды. 2014 жылдың қаңтар-сәуір айларында халық саны 83,6 мың адамға немесе 0,5%-ға өскен. Биылғы төрт айда АХАТ органдары 128 100 сәбидің туылғанын тіркеген, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 0,3%-ға көп. Соңғы санақ мәліметтері бойынша Қазақстанда мың әйел адамға 929 еркектен келеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети