ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қыркүйек 2019 | 15:58
2019 жылы митингіге қатысқан қанша алматылық жазаланды?
Полицейлер биыл жыл басынан бері Алматы қаласында рұқсат етілмеген митингтерге қатысқандар туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер биыл жыл басынан бері Алматы қаласында рұқсат етілмеген митингтерге қатысқандар туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қалада әрдайым қоғамдық саяси жағдайға мониторинг жүргізіледі.
"Олар әлеуметтік шиеленіс ошақтарын дер кезінде анықтау, қоғамдық тәртіптің топтық бұзылуына ден қою, жергілікті атқарушы билік органдарымен рұқсат етілмеген жұртшылық және көпшілік алдында сөз сөйлеуді болдырмау мақсатында өткізіледі. Мониторинг жергілікті атқарушы органдармен және қаланың мүдделі қызметтерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады: әкімдік, ҰҚКД, прокуратура және басқалар", - деді жергілікті полиция қызметі басшысы Төрехан Исин.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматыда саяси партия, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар 44 түрлі акция өткізді (1800-ден аса адам қатысты), оның ішінде 37-і рұқсат етілмеген. Бұл екі митинг, екі жиын және екі шеру, сондай-ақ 31 пикет.
"Аталған қоғамдық-саяси іс-шараларға полиция департаменті жеке құрамының 6000-ға жуық қызметкері қатысты. Әкімшілік сот Әкімшілік құқық бүзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша 221 акция ұйымдастырушысы мен қатысушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп толықтырды Исин.
Соңғы рет 21 қыркүйекте Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өткізу әрекеті ұйымдастырылды. Осындай жағдай Нұр-Сұлтан қаласында да байқалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Екі қалада барлығы 57 адам ұсталды.
"Кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады", - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Показать комментарии
Читайте также