04 желтоқсан 2020 14:40

2021 жылдағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге.

10-бап. Жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін.

11-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы болып белгіленсін.

12-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети