21 желтоқсан 2021 09:16

2022 жылы балаға берілетін жәрдемақы қандай болады және оны қалай рәсімдеу керек?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балаға берілетін жәрдемақыны қалай есептеу керек? 2022 жылы ол қанша болады? Егер болашақ ана декреттік демалысқа дейін жұмыс істемесе, төлемдер бола ма? Декреттік төлемдер туралы тақырыпты жалғастыру үшін Tengrinews.kz тілшісі Әйгерім Әбілмәжитова балалар жәрдемақысы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады.


Балаға берілетін жәрдемақыны қалай есептеу керек? 2022 жылы ол қанша болады? Егер болашақ ана декреттік демалысқа дейін жұмыс істемесе, төлемдер бола ма? Декреттік төлемдер туралы тақырыпты жалғастыру үшін Tengrinews.kz тілшісі Әйгерім Әбілмәжитова балалар жәрдемақысы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап дайындады.

Бала туғаннан кейін қандай төлемдер төленеді?

Төлемдердің екі түрі бар:

1) тіркелген мемлекеттік біржолғы жәрдемақы (бала туғанда берілетін жәрдемақы);

2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем (бала күтімі жөніндегі жәрдемақы).

Бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы қалай есептеледі?

Балаға ай сайынғы жәрдемақы бір жасқа толғанға дейін төленеді. Оның сомасы декреттік демалысқа дейін әйел жұмыс істеді ме, жоқ па соған байланысты. Егер егіз бала дүниеге келсе, онда жәрдемақы әр балаға төленеді. Бұл ана бала санына байланысты екі немесе үш есе мөлшерде жәрдемақы алатынын білдіреді.

Егер әйел декретке шыққанға дейін жұмыс істеген болса, онда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері оның соңғы 2 жылдағы табыс деңгейіне байланысты болады. Жәрдемақыны есептеу үшін зейнетақы емес, әлеуметтік аударымдарға сәйкес ай сайынғы табыстың орташа сомасы алынады. Ары қарай кірісті 24 айға бөліп, содан кейін 0,4 коэффициентіне көбейтіп, зейнетақы аударымдарының 10 пайызын шегеру керек.

Мысалы:

24 ай ішіндегі орташа айлық табыс 200 000 теңге болды.
Еңбекке жарамсыз күндер коэффициенті - 0,4.

(200 000 (кіріс) x 0,4 (коэффициент) - 10 пайыз (зейнетақы) = 72 000 теңге.
Ай сайынғы жәрдемақы 72 000 теңге сомасында болады.

2021 жылы бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы 119 000 теңгеден аспайды. Бұл 297 500 теңгелік ай сайынғы табыстың ең жоғарғы шегінің 40 пайызы (7 x 42 500 = 297 500).

2022 жылы жәрдемақы 168 000 теңгеден аспауы керек (7 x 60 000 = 420 000).

Айта кетейік, жұмыс істейтіндер үшін балаға жәрдемақы жұмыс істемейтіндерге қарағанда төмен болмауы керек. Яғни ең төменгі шек қазір 16 802 теңге, 2022 жылы - 17 643 теңге.

Балаға төлемдерді қалай рәсімдеуге болады?

Бірнеше жол бар.

Бірінші әдіс - тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға барып, мынадай құжаттарды тапсыру:

  • жеке куәлігі;
  • баланың (балалардың) туу туралы куәлігі не туу туралы акт жазбаның көшірмесі;
  • кез келген екінші деңгейдегі банкте немесе "Қазпочта" АҚ сияқты банк операцияларын жүргізетін ұйымда ашылған банк есепшотының нөмірі туралы мәлімет;
  • өтініш (ХҚКО-да толтырылады).

Екінші әдіс - Egov.kz арқылы өтініш беру. Ол үшін сізге ноутбук немесе компьютер, ЭЦҚ, банктегі арнайы шот нөмірі қажет.

Үшінші әдіс - өтінімді Kaspi және Halyk банктері қосымшасы арқылы рәсімдеу.

Kaspi:

"Барлық төлемдер" - "Мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар, салықтар" - "жәрдемақыны ресімдеу".

Halyk:

"Басты бет" - бала тууға арналған жәрдемақы".

Екі жағайда да, осы банктің арнайы шотын ашу қажет.

8 жұмыс күні ішінде өтініш қаралады және төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады. Оң шешім қабылданған жағдайда, ана шамамен бір ай ішінде арнайы шотқа бала туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы (өткен және алдағы айлар үшін) алуы керек.

Баланың туған күнінен бастап 12 айдан кешіктірмей баланың тууы бойынша төлемдерді ресімдеуге өтініш беруге болады.

Бала жәрдемақысы бір жылға дейін қалай төленеді?

Балаға жәрдемақы баланың туған күніне сәйкес есептеледі. Егер бала 2021 жылдың 8 қарашасында дүниеге келсе, онда алғашқы жәрдемақы 22 күнде, ал соңғысы 8 күнде беріледі.

Мысалы.

Бала 8 қарашада дүниеге келді. Ай сайынғы жәрдемақы 72 000 теңге мөлшерінде тағайындалды.
72 000/30 = 2400. Яғни сәби дүниеге келген күннен бастап әр күн үшін анасына мемлекет 2400 теңге береді.
2400 x 22 (күн) = 52 800 теңге алғашқы жәрдемақы.
2400 x 8 (күн) = 19 200 теңге соңғы жәрдемақы.

Егер бала бірінші күні туылса, онда сіз бірінші жәрдемақыны толық аласыз, ал соңғысы тек бір күнге есептеледі. Айта кетейік, ана барлық он екі төлемді алады.

Егер АЕК өссе, келесі жылы ай сайынғы жәрдемақы көбейе ме?

Жәрдемақылар бала туған жылдың көрсеткіштері негізінде есептеледі. Яғни, АЕК-тің өсуіне байланысты өсім болмайды және жәрдемақы бұрынғыдай қалады. Егер сәби 2021 жылы туылса, онда АЕК 2917 теңге болса, 2022 жылы жәрдемақы АЕК бойынша 2917 теңге есептеледі.

Егер ана бір жасқа дейін жұмысқа шықса, балаға берілетін жәрдемақы сақтала ма?

Бұл жағдайда балаға берілетін жәрдемақы сақталады, бірақ мемлекеттен зейнетақы жарналары түріндегі субсидиялар тоқтатылады. Яғни, қор сіз үшін зейнетақы аударымдары мен орташа жалақы арасындағы айырманы төлеуді тоқтатады.

Декреттік демалыста бала тууды жоспарлап отырған әйелге қандай төлемдер төленеді?

Егер әйел декреттік демалыста жүріп декретке шықса, онда оған жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем төленбейді. Бұл төлемді алу үшін екінші рет декреттік демалысқа шыққанға дейін ресми түрде жұмысқа шығуыңыз керек.

Егер сіз декреттік демалыста жүріп декретке кетсеңіз, қандай төлемдерге сенуге болады?

  • Тіркелген мемлекеттік біржолғы жәрдемақы;
  • бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (бір жасқа толғанға дейін). Ол тұрақты болады.

Әкесі бала күтімі бойынша жәрдемақы ала ала ма?

Ата-ананың бірі ай сайынғы бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алады. Егер анасы мұндай жәрдемақы алса, онда әкесі оны ала алмайды.

Егер әкесі ресми түрде жұмыс істесе, ол бала күтімі бойынша демалысты рәсімдей алады. Тиісінше, бір жылға дейін ол ай сайынғы жәрдемақы алады, оның мөлшері оның табыс деңгейіне байланысты болады. Бірақ егер баланың әкесі бір жылға дейін жұмысқа шықса, жәрдемақы дереу тоқтатылады.

Егер бала қайтыс болса, төлемдерді қайтару керек пе?

Өкінішке қарай, сәби босану кезінде немесе туылғаннан кейін қайтыс болатын жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда декреттік төлемдер қайтарылмайды, сома анада қалады. Бірақ бала қайтыс болғаннан кейін есептелген ай сайынғы жәрдемақыны қайтару қажет. Алушыға ақшаны мемлекетке қайтару туралы өтінішпен қоңырау шалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети