2025 жылы Қазақстанда ақылы жолдар екі есеге артады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы жол енгізілетінін мәлімдеді. Бүгінде елімізде мұндай жүйе тек 3,2 мың шақырым жолда жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, ақылы жол учаскелерінің саны екі еседен астамға артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы жол енгізілетінін мәлімдеді. Бүгінде елімізде мұндай жүйе тек 3,2 мың шақырым жолда жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, ақылы жол учаскелерінің саны екі еседен астамға артады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Қарабаев бюджет жүктемесін азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жол жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасатынын атап өтті.

"Қазіргі уақытта елімізде 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істеп тұр. 2024 жылы бұл жүйеден түскен кіріс 48 миллиард теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылады, олардың кірісі 60 миллиард теңгеге жетеді, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге дейін өсуі мүмкін", – деді ол.

Сонымен қатар, министр ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer