1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

23-24 қазан аралығында Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды20 қазан 2014, 20:03

©Tvc-saratov.ru ©Tvc-saratov.ru

Алматының бірнеше ауданында 23-24 қазан аралығында суық су болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алматы Су Холдингі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өкіліне сілтеме жасап. 

Негізгі тазалау құрылғылары аумағында жаңа сүзгі станциясын іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілетіндіктен қазанның 23-і күні сағат 08.00-ден 24-і күнгі сағат 08.00-ге дейін мына аудандарда суық су болмайды: Сәтпаев көшесі - Есентай өзені - Тимирязев көшесі - Үлкен Алматы өзені; Тимирязев көшесі - Гагарин даңғылы - Өтепов көшесі - "Атакент" көрме орталығы; Жандосов көшесі - Каблуков - Өтепов - 20-желі көшесі; Гагарин даңғылы - Абай даңғылы - Манас көшесі - Сәтпаев көшесі шаршылары. 

Сонымен қатар, суық су "Атакент" көрме орталығы аумағындағы ғимараттарда; жеміс-қалбыр комбинаты аумағындағы ғимараттарда; №1 балалар клиникалық ауруханасында; қалалық орталық клиникалық аурухана; балалар және ересектер жұқпалы аурулар ауруханасы, Урология институты, қан құю станциясы ғимаратында; №17 емханасында; "Рахат Палас" және "Ай Сер" қонақ үйлерінде, цирк және Қастеев атындағы мұражайда суық су болмайды. "Алматы Су Холдингі" көрсетілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.


Алматыда митинг өтті