28 қазан 2022 10:12

23 мың студент Украинадан Қазақстанға ауысуға ниет білдірген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Украинадан Қазақстандағы жоғары оқу орындарына 20 мыңнан аса студент ауысқысы келетінін айтты. Әңгіме Үндістан мен Пәкістан жастары туралы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Украинадан Қазақстандағы жоғары оқу орындарына 20 мыңнан аса студент ауысқысы келетінін айтты. Әңгіме Үндістан мен Пәкістан жастары туралы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Қазір 23 мың Үндістан мен Пәкістан студенті есігімізді қағып жатыр. Олар Украинаның медициналық университеттерінде білім алған студенттер және қазір белгілі себептермен онда оқи алмайды. Қазір біз не істей алатынымызды ойлап жатырмыз", - деді Саясат Нұрбек.

Мұндай мәлімдемелер ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен де түсетіні атап өтілді. Сонымен қатар, сол медициналық университет профессорлары Қазақстанда сабақ беруге ниет білдірген. Бірақ, Саясат Нұрбектің айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстанда жаңа академиялық хабтар салынбаған.

"Біз академиялық инфрақұрылым туралы ойлануымыз керек, осындай өсіп келе жатқан мөлшерді қабылдап, өңдей алмыз ба? Бұл қысым күшейе түседі", - деп қосты министр.

Ғылым және жоғары білім министрі тығырықтан шығу жолын университет ғимараттарын кеңейтуден ғана емес, цифрлық университеттерден де көретінін айтты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети