09 қараша 2019 18:16

24 жастағы қарағандылықты құтқарған полицейлер марапатталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің шатырынан секірмек болған келіншекті құтқарған қос полицейді бүгін елордада Ішкі істер министрі марапаттады, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің шатырынан секірмек болған келіншекті құтқарған қос полицейді бүгін елордада Ішкі істер министрі марапаттады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Ведомство басшысы қатардағы қызметкерлердің бұл әрекеті көпке үлгі екендігін тілге тиек етті.

Айта кетейік, Қарағандыда 24 жастағы азаматша отбасылық жанжалдан соң өмірімен қош айтыспақ болған. Мұны көрген куәгерлер дереу диспетчерлерге хабарласқан. Дер кезінде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Ерасыл Мұрат пен Бекзат Омашев қыздың шатырға шығып кеткенін көреді. Содан біреуі азаматшаның көңілін аулап сөзге тартады. Екіншісі қыз отырған балконның шатырына шығып, оны құтқарып қалады. Қазір азаматшамен психологтар жұмыс жасап жатыр.

"Әрдайым халыққа қызмет етуге дайынбыз. Кешегі жағдай бойынша айтарымыз, біздің ойымызда ерлік үшін награда алатындай ой болған жоқ. Әр азамат осындай жағдайға тап болғанда біз сияқты әрекет істейді деп ойлаймыз", - деді Қарағанды қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы  Ерасыл Мұрат.

"Қос полицейдің ерлігінің арқасында азаматша аман қалды. Әйтпесе, оның өмірі қыл үстінде тұрып еді. Сақшыларымыз қызмет барысында түрлі жағдайларға тап болады. Сол кезде табандылық танытып, ержүректілік көрсете білу маңызды. Міне, полицейлеріміз осыны дәлелдей білді", - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети