2 жыл ішінде "Ақ ниет" оңалту орталығы 256 қазақстандыққа радикалды ағымдардан шығуға көмектесті, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек "Жастар арасындағы діни экстремизмді алдын алу бойынша әйелдер ұйымдарының рөлі" атты конференция барысында.

"Мемлекеттік әлеуеттік тапсырыс аясында 2014 жылдан бастап "Ақ ниет" оңалту орталығы жұмыс жасап келеді. Орталық қызметкерлері радикалды діни ағымдар идеясынан зардап шеккен әйелдер арасында оңалту жұмыстарын жүргізеді. "Ақ ниет" оңалту орталығы құрылғалы бері радикалды идеядан 256 адам бас тартты, оның ішінде әйелдер де бар", - деді Ғабит Абзалбек.
Оның айтуынша, Қазақстанда Дін істері жөніндегі комитет жанындағы дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-насихаттау тобы және дін мәселелері бойынша 304 жергілікті ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.
"Біз халықтың мақсатты топтары бойынша жұмыс істеуге бет алдық. Сонымен қатар, әйелдер қоғамы мен жастар арасында жұмыс істейміз. Бұл қарым-қатынас тұрғысынан әйелдер ұйымдарын да тартудамыз. Әйелдер ұйымдары экстремизмнің алдын алу жұмысында, рухани-адамгершілік тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Әйелдердің қоғамдағы рөлін төмендетуге болмайды", - деді Ғабит Абзалбек.
Еске салайық, осыған дейін ҚР ҰҚК Қазақстанда жыл басынан бері 57 радикалдың сотталғанын хабарлаған болатын. Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылдың басынан бастап ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстанда лаңкестік және діни-экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 57 радикалды соттаған.