24 тамыз 2020 13:20

27 тамыздан бастап қазақстандықтар Түркияға бара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне салынған шектеулер алып тасталады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне салынған шектеулер алып тасталады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін COVID19-ның таралуы бойынша жағдайға байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.

Министрлік екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізді.

Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп, COVID-19 таралуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.

"Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларына қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - деді комитеттегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети