29 шілде 2020 10:21

29 шілдеде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: СС0 Фото: СС0

"Қазгидромет" синоптиктері 29 шілдеде Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері 29 шілдеде Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Тек елдің батысы және оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жауады, солтүстікте тұман түседі.

Солтүстік-Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 метр секундке дейін күшейеді. Түнде және күндіз тұман түседі. 

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-20 метр секундке дейін күшейеді. Павлодар, Қарағанды өңірлерінде желдің екпіні 23-28 метр секундке дейін жетеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 метр секундке дейін күшейеді.

Күндіз Қостанай облысында кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және күндіз кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе өңірлері мен Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде ыстық болады.

Атырау, Қызылорда өңірлері мен Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети