ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Бразилия ұлттық секциясының комиссары Золтир Чиапеттимен және Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Деметро Буэно Карвальомен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Ахметжан Есімов бразилиялық тарапты көрмені дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті.

"Дүйсенбіде, 31 қазанда, біз алғаш халықаралық павильондарды, сонымен қатар пәтерлерді ЭКСПО-ға қатысушы мемлекеттерге табыстауды бастаймыз",- деп мәлімдеді Есімов.
Өз кезегінде Чиапетти жаңартылатын энергия көздері бойынша өз әзірлемелерін Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
"Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені Бразилияда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 73,5% шамасын құрайды. Бұл біздің болашақ энергиясы бойынша әзірлемелерімізді көрсетудің мүмкіндігі. Елде гидроэнергетика, жел, күн және басқа энергиялар өте жақсы дамыған. Біз осы көрмеде сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз", - деді Бразилия ұлттық секциясының комиссары.
Еске сала кетейік, бүгінгі күнге ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды ресми түрде 105 ел растады, 101 ел өздерінің ұлттық комиссарларын тағайындады. Қазіргі уақытта компания экспозициялардың жобаларын қабылдауға кірісті.