15 қыркүйек 2019 12:28

35 мың сұраныс ішінен Нұр-Сұлтанды таңдадым - Ник Вуйчич

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда әлемге әйгілі мотиватор Ник Вуйчичтің және Ицхак Пинтосевичтің қатысуымен "Победитель лени. Жизнь без границ" атты мастер-классы өтті. Бұл шараны Синергия Бизнес Мектебі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына тарту етті. Іс-шара әкімдіктің қолдауымен өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Ник Вуйчич қала тұрғындарына өз жетістіктерінің тарихын айтып, ешқашан еңселерін түсірмеуге, мақсатқа жету және балаларды басқалардың еңбегін бағалай білуге, табысқа ұқыпты қарауға үйрету әдістерімен бөлісті.

"Мен кішкентай ұлыма ақша бермеймін. Ол маған келіп, ойыншық алып беруімді сұрады. Мен оған барып, өзің сатып ал деп жауап қайтардым. Сонда менің 6 жасар ұлым аң-таң болып:"әке, менде ақша жоқ қой", - деді. Нәтижесінде анасына үй жинауға көмектесіп, менің машинамның шаңын сорып, ойыншыққа ақша жинай бастады. Ол өзгенің еңбегін бағалай бастады. Еңбек етіп, қажетті соманы жинап болған соң, ол ойыншықты сатып алудан бас тартты. Ойыншық оның қажырлы еңбегімен тепе-тең емес екендігін түсінді", - деді Н. Вуйчич.

Алтай Көлгінов ұйымдастырушыларға, Вуйчич мырзаға және И. Пинтосевичке мотивациялық спичтері, кейстер мен тапсырмалар үшін алғысын білдірді. Қала әкімі 35 мың шақырудың ішінен Вуйчич мырза елордаға келу ұсынысын қабыл алғанын атап өтті.

"Мақсат қоя біліп, жұмыс жасап, адал еңбектеніп, сол алға қойған мақсатқа жету шарт. Бүгін пайдалы кейстер берілді. Біз оларды өмірде қолданамыз деп ойлаймын. Білім алу,оқу - үздіксіз процесс екенін атап өткім келеді. Біз үнемі білім алуымыз керек, өйткені қазіргі заман талабына сай болуымыз керек. Бүгін 3,500 адам жалқаулықты жеңіп, алдына мақсат қоя білді деп ойлаймын ", - деді Алтай Көлгінов.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети