19 шілде 2023 09:22

394 миллион теңгеге бағаланған швейцариялық сағатты сатып алушы табылды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: e-auction.gosreestr.kz Фото: e-auction.gosreestr.kz

Әйгілі швейцариялық Richard Mille брендінің 394 миллион теңгеге бағаланған сағаты аукционда сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Әйгілі швейцариялық Richard Mille брендінің 394 миллион теңгеге бағаланған сағаты аукционда сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төмен баға бойынша сауда аукционы шілде айының басында өтті. Алматының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, сатып алушы тауар құнының жарты бағасын 196 миллион 835 мың теңгені төлеуге дайын.

"Бағаны көтеру бойынша сауда аукционында тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты жарамсыз деп танылды. Richard Mille Limited Edition Rafael Nadal сағаты екінші аукционда бағаны төмендету арқылы 196 миллион 835 мың теңгеге сатылды", - деді ведомство өкілдері.

Осыған дейін аукционда баға біртіндеп төмендейтіні және құнның жартысына дейін жетуі мүмкін екені хабарланған болатын. Ең төменгі бағалау құнының 50 пайызы мөлшерінде белгіленді. 5 пайыздық бағаны төмендету әдісі белгіленбеді.

Егер мұнда үміткерлер болмағанда, онда мүлік сауда ұйымдарына берілетін еді. Олар тарапынан сметалық құнының жартысы төленеді, оның 25 пайызы кепілдік ретінде, ал қалғаны сатылғаннан кейін төленеді. Осылайша, мемлекет тәркіленген дүние-мүліктің өте арзан бағамен кетпеуі үшін осындай шаралар қабылдайды.

Еске сала кетейік, құны 394 миллион теңге тұратын Richard Mille сағатын сатып алуға ниет білдірген мемлекеттік органдар болған жоқ. Одан әрі сағат аукционда барлық қызығушылық танытқан қазақстандықтарға ұсынылды, бірақ сатып алушылар болмады.

Richard Mille брендін әлемнің атақты адамдары тағады. Оның ішінде Рафаэль Надаль, Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэтхэм, Джеки Чан, Дрейк, Эд Ширан, Илон Маск, Флойд Мейвезер, Роберто Манчини, Фелипе Масса, Алексис Пинтуро, Кевин Харт, Дмитрий Песков. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, сонымен қатар Катар ханзадалары Джоан бен Хамад пен Халифа бин Хамад.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети