10 қаңтар 2023 09:02

40 градус аяз, қалың қар жауады. 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және жауын-шашынсыз аязды ауа райы болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Түнде Маңғыстау облысында қатты аяз - 25 градус, Атырау облысында қатты аяз - 30 градус, Ақтөбе облысында қатты аяз - 35-39 градус, Қостанай облысының шығысында қатты аяз - 40 градус болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -28-30 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, таңертең және күндіз қалың қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4-6 градус аяз болып, күндіз одан да төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети