12 желтоқсан 2019 13:04

40 қазақстандық шетелде содырлар қатарында жүр - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 40 азаматы террорлық ұйымдарға мүше. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның 40 азаматы террорлық ұйымдарға мүше. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында брифинг барысында ҰҚК антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шетелде террорлық ұйымдардың құрамында 40-қа жуық Қазақстан азаматтары жүр және 65 әйел мен отбасы мүшелері бар. Олардың барлығы туралы арнайы қызмет өкілдеріне белгілі. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолданылып жатқан шаралар барысында олардың саны азайып жатыр. Басқа да тұлғалар жайлы ұрыс алаңында қаза тапқандар туралы мәліметтер тексеріліп жатыр", - дейді Сергей Швейкин.

Антитеррорлық орталығы ұлттық штабының бірінші орынбасарының айтуынша, шетелде жүргендердің көбі ойын өзгерткен. "Біреулер елге қайтудың жолын іздестіріп жүр және террорлық қылмыс үшін жазасын өтеуге дайын. Сондай-ақ, қылмыстық әрекетін жалғастыруға дайын азаматтар да жоқ емес", - дейді Швейкин.

Осыған дейін Қазақстанда үш терактінің жолы кесілгені туралы айтылды. Ресми деректер бойынша, терроризм мен діни экстремизмге байланысты қылмыстар үшін 140 адам сотталған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети