16 мамыр 2020 10:01

42 500 теңгені екінші рет 2,9 миллионнан астам адам алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алихана Сариева Сурет: Алихана Сариева

Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша 2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбең және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Биылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша 2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбең және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін хабарланған ақпарат бойынша, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген адамдар (әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қашан жасалғанына қарамастан), төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады.

16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.

Еске салайық, төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-ден бастап "42 500 теңге" төлемін тағайындауға жаңа өтініштерді қабылдау аяқталды.

Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда "42 500 теңге" әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді.

Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады.

 "42 500 теңге" төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети