09 қараша 2017 17:35

500 теңгеге тағам: Алматыда тамақтану қанша тұрады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек шетелдіктердің қалада 500 теңгеге тамақтана алатындарын айтты. Осыдан кейін Tengrinews.kz  тілшісі Алматыдағы дәмханалар мен мейрамханалардағы чектің орташа есебін зерттеп көрді.


Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек шетелдіктердің қалада 500 теңгеге тамақтана алатындарын айтты. Осыдан кейін Tengrinews.kz  тілшісі Алматыдағы дәмханалар мен мейрамханалардағы чектің орташа есебін зерттеп көрді.

"Қағанат" асханалар желісінің менюсі түрлі тағамдарлы ұсынады. Мұнда ыстық тағам 400 - 1200 теңге аралығында. Ащы көженің бір порциясы 405 теңге тұрса, "мясо по-французски" - 730 теңге, "Вече" салаты - 320 теңге, сүтті шай - 85 теңге, ал компот - 90 теңге. Осылайша, түскі асқа орта есеппен шамамен 1 150 теңге кетеді.

Сондай-ақ, Алматыда донер сататын орындар жеткілікті. Тауық етінен жасалған донер 600 теңге болса, сиыр етінен жасалған дөнер 650 теңге болады. Ал күріші ар донер 700 теңге, батондағы донер 750 теңгеге дейін барады. Онымен қоса, мұнда 400 теңгеге фри картопы мен 150 теңгеге бір шыны шай алуға болады. Сонда орта есеппен 1 000 - 1 600 теңге кетеді.

Фаст фуд жайлы да айта кету керек. Мысалы, қалада ең арзан сэдвич 700 теңге тұрады. Ал комбо сандерс (онда сэндвич, картоп, фри және кола кіреді) 1 100 теңгеге жетеді. 

Ал дәмханаларда кәуап 400 - 1 500 теңге аралығында. Ыстық тағам - 1 450 - 2 490 теңге, ал суши 845 - 2 000 теңге аралығында.

Ал Италияның асханасын сүйетіндерге 500 теңгеге тамақтану мүмкін емес. Себебі қаладағы италиялық тағамдар 200 теңгеден басталады. Ал ондағы кофенің бағасы - 600 теңге.

Қаладағы басқа да мейрамханаларда түскі асқа шамамен 1 200-1 700 теңге кетеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети